Таразға «Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық зерттеу экспедициясы келіп жетті. Құрамында 70 адам бар топ мәдени, тарихи әрі индустриалды бағыт бойынша Қазақстанның өңірлерін аралап жүр. Көшпелі экпедицияның негізгі мақсаты – елдер арасындағы достық, ынтымақтастық, серіктестік бағыттарын нығайту саналады.