Тек соңғы бір аптада өңірде 200-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысында жол апаттарының алдын алу мақсатында “Заң мен тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер арасында да түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Құқық қорғаушылар рейдтік шаралар кезінде жүргізушілерге ескерту парақшаларын таратып, апаттың алдын алуға шақырып жатыр.