Жамбыл ауданына қарасты шағын ғана Жаңаөткел ауылы үшін бүгін – қуанышты күн. Ауыл тұрғындары алғаш рет орталықтандырылған таза ауызсуға қол жеткізіп отыр. Бұл жоба облыс прокуратурасының қолға алған заңсыз жолмен келген активтерді мемлекетке қайтару аясында жүзеге асты.