1997 жыл – Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқан жылы болды. Ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ол кезде жаңа астананың келбеті әлі толық қалыптаспаған еді: шөл дала, инфрақұрылым жоқтың қасы. Бірақ халықтың сенімі мен ел басшылығының табандылығы арқасында қала жыл санап өзгерді. Биыл Қазақстанның астанасы өзінің 28 жылдығын атап өтеді.