Елімізде ескі автокөліктерге салынатын салық көлемі азаяды. Жаңа салық кодексінде осындай норма енгізілді. Заңнамада жеңіл көліктерге жылына қарай төмендету коэффициентін енгізу қарастырылған. Нақтыласақ, 10-20 жылдық көліктерге салық 30, ал 20 жылдан да ескілеріне 50 пайызға арзандайды. Сәйкесінше, бұл ескі көлік жүргізушілеріне едәуір жеңілдік болмақшы.