Жамбыл ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін былтыр 173 милион 500 мың теңге берілсе, биыл кіші кәсіпкерлікті дамытуға 37 жоба мақұлданып, 258 милион теңге қарастырылыпты.

Қазірдің өзінде өңірде тиісті қаражаттарын алып, жұмысқа кірісіп кеткендер де жетерлік. Соның бірі кірпіш цехын ашқан Ерназар ауылының тұрғыны Әсет Сүлейменов.