Бүгінде Тараз қаласы мен аудандарда 7 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Оның барлығы халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері жанынан ашылған. Бүгін «Аманат» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының отырысында отбасы институтын нығайту, зорлық- зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.