2024 жылдың 10 айында облыс бюджетінің кірістері 503,3 млрд. теңгеге немесе 101 пайызға орындалды. Оның ішінде меншікті кірістер жоспары 133 млрд. теңгені құрап, қазынаға 6,8 млрд. теңге жоспардан артық түскен. Ал жоспар барлық жергілікті бюджеттерде орындалып отыр. Аудандар арасында Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, Қордай алдыңғы қатарда. Облыстық бюджет қаражаттарының игерілу барысымен таныстырған қаржы басқармасының басшысы жыл соңына дейін көрсеткіш ойдағыдай болады деп отыр.