Ақкөл ауылы Талас ауданынындағы ең ірі елді мекеннің біріне жатады. Бір кездері аудан орталығы болған ауыл соңғы жылдары қайта түлеп келеді. Оған ауылды дамыту жөніндегі үкіметтік бағдарламалар да сеп болуда. Нәтижесінде тозығы жеткен нысандар қайта жаңарып, ауылға көгілдір отын, ауыз су тартылып осындағы халықты қуантуда.