Жамбыл облысында 216 мыңнан астам тұрғын сақтандырылмағандардың санатында. Анығын айтқанда, тұрақты жұмысы бар тұлғалардың өздері медициналық әлеуметтік сақтандырудан тыс қалған. Басы ауырып, балтыры сыздай қалса, бұлар кімнің көмегінде жүгінбек? Онсыз да қызмет сапасына жұртшылықтың көңілі тола бермейтін салада бұл бағыттағы жұмыстардың барысы неге сылбыр?

Статитстиканы сөйлетсек, сәуір айынан бері сақтандырылмағандардың қатары 34 мыңға кеміген. Бірақ бұл қарқынды атқарылған жұмыстардың қатарына жатпайды. Облыс әкімі енді МӘМС –тің мәселесіне бей-жай қарайтын бас дәрігерлерді орындарынан босату керектігін айтты.