Облыста интернет-алаяқтықтың арбауына түскендер саны артып барады. Мәселен өткен жылы осы бағытта 160 қылмыстық дерек тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 232-ге дейін өскен.

Ал, облыстық прокуратура болса, алаяқтардың әккі әрекетін ауыздықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Соған байланысты құқықтық мониторниг орталығында интернет-алаяқпен күресуге арналған телеграм-боттың презентациясы өтті.