Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің парламентшілеріне синтетикалық есірткіге және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейтуді ұсынды. Бұл туралы ол Бішкекте өткен ұйымның Парламенттік Ассамблея Кеңесінде айтты. Ерлан Қошанов Қазақстанда осы бағыттағы заңдар қатаңдағанын және интернет алаяқтық үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударуға шақырды. Бұл ретте Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін өңірлік орталығы құрылғанын еске салды. Сонымен қатар тәжік-ауған шекарасын нығайту қажеттігін айтты.