Төрт түліктің төресі түйе шаруашылығын дамыту екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерекше кәсіп. Себебі, ойсылқара тұқымы шөл және шөлейт жерде өмір сүретін жануар болғандықтан бағып қағу оңай емес.

Дегенмен, Ақ көлдік тұрғындар ата кәсіпті қайта жандандыруда. Бизнес жоба ұсынған жұмыссыз азаматтар ,мемлекет ұсынған грантты жеңіп, түйе шаруашылығын дөңгелетуде.