М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде шетелдік студенттер заңсыз білім алып келген. Оны облыстық прокуратура анықтап отыр.
Шаһардағы іргелі оқу ордасы бақандай 19 мигрантқа жалған құжат беріпті. Заңсыз әрекетпен қазір құқық қорғау қызметкерлері айналысып жатыр. Аталған өзекті мәселе бүгін «Тараз-қауіпсіз қала» жобасы аясында өткен кеңесте талқыланды.