Қариясы бар елдің дариясы бар. Егемен еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болуына өз үлестерін қосып, қазақи құндылықты дәріптеуге атсалысып жүрген облыстық ардагерлер ұйымы биылдың өзінде 500- ден аса түрлі іс-шаралар өткізіпті.
Бүгінде еліміз бойынша кеңінен қолдау тапқан республикалық «Ардагерлеріміз-Ардақтыларымыз» жобасы аясында «Ақсақалдарын сыйлаған ел адаспайды» атты семинар Жамбыл ауданына қарасты «Өрнек» ауылында өтті.