Тараздағы көптеген балабақшалардың оқыту-тәрбие беру әдістемелерін ел көлемінде енгізуге әбден болады. Салт-сана, әдет-ғұрып сынды ұлттық құндылықтарымызды ұштастыра отырып, бүлдіршіндерді адамгершілік қасиеттерге баулуға басымдық беретін олардың озық үлгілеріне оқу-ағарту министрлігінің өкілдерінің өзі қызығушылық танытып отыр.

100 кіші жоба аясында өткен қалалық семинарда озық ойлы педагогтар өзара тәжірибе алмасып, білгендерімен бөлісті.