Ластанған ауа. Жағымсыз иіс. Шашылып жатқан қоқыстар. Бұл –аймақтық экологиялық ахуалдағы қордаланған негізгі проблемалар. Оларды шұғыл түрде шешудің амал-айласы бар ма?

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалында «Өңірлік даму» және «Экологиялық мәселелер» жөніндегі бірлескен кеңес отырысында осы мәселелер жан-жақты айтылды.