«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ тұтынушылардан газ тарту желілерін қосу үшін заңсыз ақы талап еткен. Енді аталған мекеме 5 970 200 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы бүгін табиғи монополияларды реттеу комитеті ЖО бойынша департаментінің басшысы Алмат Абдрайхан брифингте баян етті.