«Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндері Сарысу жерінде жалғасты. Этно- ауылда киіз үйлер тігіліп, түрлі көріністер қойылды. Бірнеше тақырыптық бағытта өрбіген мәдени іс- шараға Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысы Лесбек Ілебаев, аудан әкімі, зиялы қауым өкілдері және тұрғындар қатысты.