Таласта енді 612 адамды жұмыспен қамтитын жаңа жоба жүзеге аспақ. Құны 49,6 млрд.теңгені құрайтын нысан 2027 жылы жұмысын бастайды. Дәл осындай 7 ірі инвестициялық жоба мен ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткішін мәлімдеуге келген аудан басшысы бүгін есеп берді. Жиында ауданда атқарылған бір қатар жұмыстармен,алдағы жоспарлар айтылды.