Күз мезгілі- жиын-терін жұмыстарының қызатын шағы. Себебі, дихандар ала жаздай төккен терінің жемісін осы мезгілде жинайтыны белгілі.

Байзақ ауданы Бурыл ауылында 300 гектарға жуық алқапқа пияз көкөнісі егілген. Қазір шыққан өнімді қаптап, жинау науқаны жүріп жатыр.