Қоршаған орта мен ауаның ластануы елдегі өткір мәселенің бірі. Бұл экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басты назарында. Биыл кодекске өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес енді ластаушы заттардың атмосфераға жалпы шығарылымы 500 тоннадан асқан жағдайда кәсіпорындарға автоматтандырылған бақылау жүйесін орнату міндеттелді. Жаңа ережені түсіндіру мақсатында бүгін Тараздағы ірі кәсіпорындарға баспасөз-туры ұйымдастырылды.