Биыл Жамбылдық дихандар үшін берекелі жыл болды. Ала жаздай төккен тердің нәтижесінде шаруалар қант қызылшасынан жылдағыдан екі есе көп өнім алуда. Бірақ, оны өткеру жағынан мәселе туындап тұрғаны белгілі. Бүгін мәслихаттың кезекті комиссия отырысында осы жайында сөз болды.