Шу өңірінде бар ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне жұмсап, еңбегі ел есінде мәңгі қалған тау тұлғалар баршылық. Сондай азаматтың бірі өткен ғасырдың көрнекті тұлғасы - Секер Үкібайұлы. Күні кеше Шу ауданындағы Абай ауылында жерлестері батырды еске алып, ескерткіш ретінде стелла орнатты.