Референдум - халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында іске асырылған кезекті нақты қадамдардың бірі екені сөзсіз. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, палата бюросының отырысында осылай деді. КСМ: Жиында бейсенбіде өтетін палата отырысында қаралатын күн тәртібі бекітілді. Қазақстан мен Катар арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралады. 8-9-ы күндері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы пысықталды. Жоғары палата спикері АЭС салу мәселесіне қатысты өткен республикалық референдумның қорытындысына тоқталды.