Елімізде АЭС салу жөніндегі бүкілхалықтық референдум өтуіне де санаулы күндер қалды. Осы жексенбі күні 6 қазанда халық өз таңдауларын жасап, сайлау учаскелерінде дауыс беретін болады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын қазыналы қариялар да бұл науқанға бір кісідей атсалыспақшы. Атомдық электр станциясының маңыздылығына тоқталған олар барлық облыс жұртшылығын дауыс беруге шақыруда.