Енді, ел азаматтары мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді. Мүлкіне де, шектеу қойылмайды. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің сөзінше, айыппұл төлеу мерзімі 50 күннен асқан тұрғындарға тағы да хабарлама жіберіледі. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдай іске жеке сот орындаушылары араласпайды. Осылайша олардың қызметіне төленетін қосымша 25 пайыз қаржы тұрғындардың қалтасында қалады.