Жас таланттар фестивалі 20.06.2024 13:55 Таразда Қамат Қасенов атындағы V халықаралық балалар фестивалі басталды. Алдағы екі күн бойы 8 театрдан келген жас әртістер өз қойылымдарын қояды. Мұнымен қоса жас өнерпаздарға тәжірибелі мамандар шеберлік сағатын өткізеді.