Былтыр Жаңатас қаласындағы бос тұрған көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 160 млн. теңге бөлінген. Ал, биыл өтпелі кезеңдегі аталған жұмыстарды аяқтауға 497 млн. теңге бөлініпті. Одан бөлек, 180 пәтерді сатып алып, үй кезегінде тұрған азаматтарға беру үшін 2 млрд. 675 млн. тг. қаралып отыр екен.

Бұл туралы бүгін өңірілік коммуникаця алаңында Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов баяндады.