Елімізде атом электр станциясы салына ма? Оның ел экономикасына, қоршаған ортаға тигізер әсері қандай? Таразда осы тақырып төңірегінде жария талқылау өтті. Сала мамандары көпшіліктің көкейіндегі мазалаған сұрақтарына жауап беріп, АЭС туралы жан-жақты ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ, тұрғындардың пікірін тыңдап, тиімді тұстарын айтты.

Жария талқылауға облыстық және Тараз қалалық қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, саяси партиялар филиалдарының төрағалары, халық қалаулылары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері, белсенді жастар, өңірлік университеттердің ғалымдары мен студенттері, энергетика саласының мамандары шақырылды.