Ерекше балалар тек сахнада ғана өнер көрсетіп жүрген жоқ. Олар спорттық сайыстарда да жеңіске жетіп, көк байрағымызды желбіретіп жүр.

Мәселен, бүгін Таразда «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары спартакиадасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Оған өңірдегі білім ошақтарынан 70-тен аса оқушы қатысты.