"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының штабында командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өтті. Оны өткізу барысында әскери басшылар аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің іс-қимыл тетігі мен алгоритмін пысықтады.

Командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуларына әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.