Кірпіш зауыты, Ақбұлым, Қант зауыты, Қарасай тұрғын алқаптарына саябақ және балалар алаңшасы қажет. Осылай деген Тараз қаласының 4 аумақтық округ тұрғындары әкімге тілегін тікелей жеткізді. Жергілікті жұртпен Бақытжан Орынбеков кездесу өткізіп, бұқараның базынасын тыңдады.