Жамбыл облысында жыл басынан бері екі адам суға кетті. Ал өткен жылы шомылу маусымында 5 адамның ажалы судан келді. Оның үшеуі бала.

Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу – маңызды міндет. Осы орайда Облыстық төтенше жағдай департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары мектеп басшыларының басын қосып семинар-кеңес өткізді.