Ауылды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар арқасында елді-мекендердің әлеуметтік экономикалық жағдайлары жылдан-жылға жақсарып келеді. «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша жолдар жөнделіп, жаңа нысандар бой көтеріп жатса, тұрғындардың табыс көзін арттыруға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы да ел еңсесін көтеруге сеп болуда.

Бүгінде ауылдық жерлердің өзінде кіші өндіріс орындарын ашып, шағын цехтарды ісе қосушылардың қатары арта түскен.