Жамбыл облысына ҚР Парламенті сенатының депутаты Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен келді. Атқамінер бүгін Жасөркен ауылындағы тұрғындармен тілдесіп, су кірген аулаларды аралап, ахуалды саралап қайтты.

Мұнымен қоса, елді мекен аумағындағы гидробекеттің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бұдан бөлек, халық қалаулысы Шөлдала көпірі мен Аса су торабының жұмысын бақылады.