«Amanat» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жамбылдық ардагерлерге құрмет көрсетілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов соғыс және тыл ардагерлерін құттықтады.

Аманаттық жастар да қарттарға көмек көрсетіп, қолғабыс етуде. Мұндай ізет тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл бойына жалғасады, дейді партиялықтар.