Жас ұрпақ жаһандану процесінің жетегінде кетпеуі керек. Өз құндылығымыз, өз салт-дәстүріміз бен ана тілімізді мейілінше сақтауға күш салу – баршаға аманат. Бір сөзбен айтқанда, осы аталған ұлттық құндылықтарымыз жаһандану үдерісінде жұтылып кетпеуі тиіс.

Бұл - әсіресе, баланы білім тәрбиесімен сусындататын ұстаздар қауымы үшін басты міндеттің бірі. Өзекті тақырып бүгін Тараздағы мектеп басшыларының бас қосуымен өткен семинарда қаузалды. Төле би атындағы №8 гимназия базасында өткен ғылыми-тәжірибелік жиынға елімізге танымал ғалымдар шақыртылған.