Тараздағы емхананың бірінде «Қызмет алушылар күні» өтті. Мекемеге бірнеше саланың өкілдері келіп, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оны дұрыс, әрі сапалы алу, шағым айтудың тәртібі сынды тақырыпта келушілерді ақпараттандырды.

Аталған іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы бірігіп ұйымдастырған.