Астанада Ұлттық ұланның әуе базасы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысы жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, күш құрылымдарының әлеуетін жоғары бағалады. Су тасқынымен күресте жанқиярлық танытқан жауынгерлердің ерен еңбегін атап өтті.