Қаланың орталығында орналасқан Ниетқалиев пен Рахимов көшелері көгалдандыруды қажет етеді. Нақтыласақ, осыдан 4 жыл бұрын тасжол төселген соң тал-дарақтар егусіз қалыпты. Ал, 5-ші мөлтек ауданда 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары соңына дейін жетпеген.

Бұл прокуратура қызметкерлерінің қабылдауына келген қала тұрғындарының уәжі. Жылдап, жырға айналған мәселелерге жауаптылар не деп үн қатты.