«ASPARA FASHION WEEK» сән апталығының 13-маусымы шымылдығын түрді. Онда сән әлемінің саңлақтары мен сән индустриясы өкілдерінің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл апталық сәуірдің 25-28 аралығында өтеді. Шетелдік және еліміздің қырықтан астам дизайнерінің туындылары ұсынылады.