«Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес. Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган». Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті 33-ші сессиясында мемлекет басшысы осындай баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, Ассамблеяның өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып отырғанын тілге тиек етті.