Таза Қазақстан» акциясы аясында Шу ауданында 700ге жуық тал көшеті отырғызылып, 5 тоннадай күл-қоқыстар шығарылған. Тазалық жұмыстарына 2 мыңнан астам адам қатысыпты.

Игі шараға мерейлі отбасылар да немере шөберелерімен қатысып, «Туған жер» саябағында тал-дарақтар отырғызды.