Облыс орталығымен іргелес жатса да Жамбыл ауданының экономикасы өрлей алмай келеді. Мәселен, өндіріс көлемі едәуір төмендеген. Оған «Амангелді» зауытының аз өнім шығаруы себеп болып отыр.

Атқамінерлер ахуалды түзеуге тырысамыз деп сендіреді. Ауданның даму барысымен таныстырған Ерлан Қыдырәліұлы алдағы жоба-жоспарларымен де бөлісті.