Талас ауданында әлеуметтің әл – ауқатын жақсарту, экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстарға серпіліс керек. Бұл орайда инвестиция тарту, шағын кәсіп пен ауыл шаруашылығын алға бастыру – аудан атқамінерлерінің арына аманат болып тұр. Жұмыссыздық деңгейін азайту да маңызды мәселе.

Таласқа жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ауданды дамытудың осындай салмақты бағыттарын атап өтті.