Чернобыль апатына - 38 жыл. Украинадағы атом электр станциясында жойқын жарылыс болып, көптеген адам қаза тапқан болатын. Зардабын жоюға жамбылдықтар да ат салысты.

Бүгін Тараздықтар сол апаттың құрбандарын еске алды. Жеңіс саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.