Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Болашағы зор тағы бір бағыт IT- технологиялар» деп атап айтқан. Бүгінде бұл бағыт қарқынды дамып, елімізде түрлі тың жобалар жарыққа шығуда. Мәселен, Жамбыл жеріндегі жас ғалымдар роботтарды жасап шығарып, халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Тіпті, алдағы сәуір айында Түркия жерінде өтетін байқауда бақ сынамақ.

Ал, балаларға бағыт-бағдар көрсетіп, басынан бастап үйрететін Таразда техникалық орталық бар. Ондағы жас өнертапқыштар тегін білім алып, шығармашылықтарын шыңдайды.