Заңсыз ойын бизнесі, қаржылық пирамидалар, әлеуеметтік желідегі алдап- арбау. Осындай көлеңкелі істе оңай олжаға кенелеміз деп опық жегендер азаяр емес. Заңсыз бизнестің құрбанына айналғандардан басқалар сабақ алмай келеді.

Мәселен, шыққанына ұзақ жылдар өтсе де түрлі қаржы пирамидасына барын беріп, далада қалғандар да қатары да аз емес. Заңсыз тауар сатушылар да көбейіп барады. Бұл туралы құзырлы орган өкілдері арнайы баспасөз мәслихатында баян етті.