«Тараз» футбол клубы енді тек екі жылдан кейін ғана премьер-лигаға оралады. Көптен бері көпшіліктің талқысында жүрген тақырып жайлы спорт басқармасы басшысының орынбасары ашып айтты. Аймақ спортындағы өзекті мәселелер мен жетістіктер баяндалған жиында саладағы кейбір түйткілдер де депутаттар назарына ұсынылды.